Басты Жаңалықтар Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі

Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі

Қазақстандағы саяси реформа Орталық Азия ғана емес, посткеңестік кеңістіктегі бірегей стратегиялық бастама. Бұл шешім тұрақтылыққа  ықпал етіп қана қоймай, елдің халықаралық беделін арттыра түседі. Ал жаңа Конституция азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейтеді. Қытай халық университетінің профессоры Сюй Циньхуа осындай пікір білдірді. Оның айтуынша адам құқықтары мен заң үстемдігі қағидаттары Ата заңда нақты көрініс тапқан. Бұл қоғамдық қатынастарды нығайтудың өзегі бола алады.

Сюй Циньхуа, Қытай халық университеті халықаралық қатынастар факультетінің профессоры:

Қазақстандағы Конституциялық реформа – саяси жүйені жаңғыртып құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Конституциядағы заңдардың айқындығы мен әділеттілігі халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады. Қазақстан дәстүрлі құндылықтарды сақтау арқылы ұзақ мерзімді қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жол ашып отыр.

Бөлісу