Басты Жаңалықтар Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде

Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде

Астанада республика күні қарсаңында сауда үйлерінде жеңілдіктер науқаны өтіп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігі айтты. Қандай тауарларды арзан бағада сатып алуға болады? Акцияға қанша сауда орталығы қатысып жатыр? Тілші тарқатады.

Азық-түлік, өзге де тауарларға 50 пайыз жеңілдік! Астанада басталған Republic Day және Bereke Fest жеңілдіктер науқаны 27 қазанға дейін өтеді. Тұрғындар акцияға қатысып жатқан 58 дүкен, сауда орталығынан тауарларды арзан бағада ала алады.

Сауалнама:

- Мен тары алдым, үйге шаймен ішуге. Балаларға мармелад алдым.  Тиімді бағада акциямен, жеңілдіктермен алып үлгеріңіздер.

 - Республика күніне орай Мегаға келдім, жеңілдікпен соны пайдаланып әдемі киімдер алып қалуға.

- Әйелім екеуіміз осы жақын маңайда тұрамыз, продуктовыйдан алғаннан гөрі Анварға келіп аламыз. Республика күніне Береке фест өтіп жатыр екен. Бағалары жақсы.

Акцияға Мега, Анвар желілері секілді сауда орталықтарымен қатар «Хан Шатыр», Magnum мен SMALL қатысып жатыр.

Әр сауда үйі қандай өнімге жеңілдік жасайтынын өзі таңдайды. Осы желілердің біріне жол түссе, Republic Day және Bereke Fest акцияларына қандай тауарлар шығарылғанын сұрап алыңыз. 

Бөлісу