Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл

Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл

Бүгін Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 34 жыл. Осы уақыт ішінде екі ел саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттарда ынтымақтастықты дамытып келеді. Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы тауар айналымы 27 миллиард доллардан асты. Қос тараптың экономикалық байланысы бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және өңіраралық ынтымақтастық салаларында бірлескен жобалар жүзеге асып келеді. Инвестициялық ынтымақтастық та маңызды рөл атқарады. Соңғы 20 жылда Ресейден Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестиция көлемі 29 миллиард 300 миллион долларға жеткен. Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 20 мыңнан астам компания жұмыс істейді.

Александр Трусков, кәсіпкер:

Біздің Қазақстанмен әріптестік орнатқанымызға 20 жылдан асты. Жыл сайын құны 200 миллион рубль болатын құрал-жабдық жеткіземіз. Әсіресе, машина жасау саласында да ортақ жобаларымыз көп. Алайда әлеуетіміз үлкен, сондықтан ынтымақтастықты бекіте түсу көзделуде.

Бөлісу