«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
«Мың бала» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бастаманың мақсаты мемлекеттік тілді дамыту мен қазақстандықтардың креативті және шығармашылық әлеуетін ашу. Биыл 12-рет ұйымдаралып жатқан жоба аясында еліміздің барлық өңірінде 114 іс-шара өткізіліп, 1 653 бала қатысқан. Аймақтағы додада топ жарғандар ғана Елордадағы гала-концертке жолдама алған. Салтанатты шара барысында осы жылғы үздіктері әртүрлі номинация бойынша марапатталды.
Елдос Тәңірбергенұлы, «Қоғамдық келісім» РММ этномәдени бірлестігі басқармасының басшысы:
Әр келген жеңімпаз неміс баласы, өзбек баласы әр өңірде осылайша үлгі болады. Оларды марапаттау арқылы басқа балаларды қазақ тілін үйренуге тарту, баулу. Биылғы шара аясында бұл бірнеше номинация бойынша өткізілуде соның бір бағыттарының бірі – кітап оқитын ұлт жобасын насихаттау, мемлекет басшысының. Бұл шынымен де өте қажет, жоба мақсаты айқын. Мемлекеттік тіл мен дәстүрімізді насихаттау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы