Басты Жаңалықтар Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды

Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды

Бүкіл әлемдегі кедейлікті жою, планетаны қорғау және барлық адамдардың бейбітшілік пен дәулетте өмір сүруін қамтамасыз ету. Бұл 2030 жылға дейін БҰҰ-ның қабылдаған 17 негізгі міндеті. Елордада аталған міндеттердің қарапайым адам өміріне қалай әсер ететіні туралы фотокөрме өтті. Жобаны БҰҰ-ның Қазақстандағы елшілік командасы Ұлттық музеймен бірлесіп ұйымдастырған. Фотокөрмеде елдің әр түкпіріндегі 30 түрлі тұлғаның фотосуреті мен өмірбаяны көрсетілді. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, тәртіп сақшылары, өнертапқыштар мен ғалымдар, ұстаздар бар. Ашылу салтанатында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча және көрме кейіпкерлері сөз сөйледі.

Ержан Ашықбаев, ҚР СІМ бірінші орынбасары:

Барлық сөз алғандардың ортақ месседжі бұл – дүниежүзіндегі халықаралық деңгейдегі халықаралық орнықты даму мақсаттарының Қазақстандағы  көрініс табу. Аудан, аймақ, қала мен ауылдардағы адам өмірлеріне әкелген әсері, адамдардың орнықты даму мақсаттарына қосып отырған үлесі.

Бөлісу