Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
Ақмола облысының Зеренді ауданында Республика күні қарсаңында халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті.
Ұлттық мұрамыздың бай дәстүрін паш еткен жарысқа Ресей, Түркия, Моңғолия, Қытай және Қырғызстан елдерінен, сонымен қатар еліміздің он шақты өңірінен 80-ге жуық құсбегі қатысты. Олар бүркіт, ителгі және қаршығаларының қырағылығын жұрт алдында сынап көрді. Жарыстың басты мақсаты құсбегілік өнерді ұлықтау, халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, жас ұрпаққа саятшылық дәстүрін насихаттау, - дейді ұйымдастырушылар. Турнир қорытындысы бойынша үш бағытта да үздіктер анықталды. Бүркіт салудан Ақмола облысының саятшысы бас жүлдені жеңіп алса, ителгі салу бәсекесінде Қарағанды командасы топ жарды. Ал қаршыға салудан жамбылдықтар жеңімпаз атанды.
Мутлу Қызылбұға, бүркітші /Түркия/:
Бұрын Астана, Павлодар, Үржар, Түркістан, Алматы сияқты қалаларда болғанмын. Қазақстанды жақсы көремін. Қазақстан халқын жақсы көремін. Бұл құсбегілік деген қазақтың қызықты өнері, ата-бабадан қалған. Қазақтың жеті қазынасында бүркіт бар, тазы, ат бар. Осындай Қазақстанда бұл күнде қазақтың өнерлері, дәстүрлері жасай берсе, қазақтың дәстүрлері ешқашан жоғалмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы