Басты Жаңалықтар Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты

Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты

Сары құрлық басты додасының ашылу салтанатында көкбайрақты көтеріп шыққан ядро лақтырушы Дастан Мұқашбеков бүгін үздік үштіктен көрінді. Әрдайым ұлттық киіммен жарыс жолына шығатын толағайымыз F36 классында 15.47 метр нәтижесін тіркеп күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында бақ сынаған тағы бір отандасымыз Иван Зелезняк ядроны 12 метр 71 сантиметрге лақтырып қолаға қол жеткізді. 46 жастағы ардагер спортшымыздың бұл Азия Пара ойындарындағы 3-ші қола жүлдесі. Сары құрлықтың жаңа рекордын тіркеген ала шапанды ағайындар өкілі бұл сайыстың жеңімпазы атанды.

Дастан Мұқашбеков, V Азия пара ойындарының күміс жүлдегері:

Алтын аламын деп ойладым. Алғым келді. Бұйырмады. Осыған да рахмет. Шапан кию бұрынан келе жатыр. Мен шапанды  2023-те де кидім. Мен өзім осы қазақ дәстүрін, қазақ салтын көрсетемін деп киіп жүрмін.

Түстен кейін қазақстандық пара жүзушілер бірнеше қашықтықта жүлдеге таласады. Шексіз мүмкіндікке ие отандастарымызға сәттілік тілейміз.

Бөлісу