«Qazaqstan» мен «CCTV-7» арнасы қазақты тұрмысты дәріптейтін кино түсірмек
Қытайлық режиссер қазақтың салт-дәстүрін көрсетіп, ән-күйі мен биін дәріптейтін кино түсіреді. Түсірілім орны Алматы мен Астанадан бөлек, Шыңжаң өлкесінде де жоспарланған.
Жобаны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «CCTV-7» Қытай телеарнасы бірлесіп жүзеге асырмақ. Осы мақсатта өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Қос тарап актерлерді іріктеуге, өндірістік әрі шығармашылық жұмыстарды атқаруға бірлесе кіріседі. Бірақ, фильмге жұмсалатын қаражатты қытайлықтар көтермек.
«Іле қаласындағы махаббат» деп аталатын туынды келер жылы түсіріле бастайды. Фильмде достық пен махаббаттан бөлек, қазақ халқының өмір-салты да көрсетіледі.
Ержанар Әшейхан, Аймақтық хабар тарату дирекциясының директоры:
- 1,5 миллиондый қандасымыз Қытайдың Шыңжаң өлкесінде өмір сүреді. Менің қасымда отырған Жаң Бо да сол Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген. Қазақтың ән-күйімен, қазақтың дәстүрімен жете таныс азамат. Бұл азамат жалпы қазақ халқына құрметін білдіру үшін осы фильмді түсіруді қолға алып отыр.
Жаң Бо, «CCTV-7» телеарнасының режиссері:
- Оқиға қазақтың консерваториясын бітірген өнерлі жігіттері - Айдар мен Парасаттың тағдыры жайлы. Мұнда нағыз махаббат пен шынайы достық бейнеленеді. Осылайша қазақ-қытай арасындағы мәдени байланысты нығайтып, өнер жолында бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз. Бұл кино жарқын туындыға айналарына сенемін. Себебі қазақы таным мен болмыс 1,5 млрд. халқы бар Қытайға насихатталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы