Қарағандыдағы ауылдарға су бөгеті салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы ауылдарға су бөгеті салынып жатыр

30.10.2017

Қарағандылықтар көктемгі су тасқынының алдын алуға қазірден кірісіп кетті. Садовое мен Чкалов ауылдарында ұзындығы 6 шақырым, ал, биіктігі 2 метр болатын дамба салынып жатыр. Мамандар бөгеттің қатты қысымға шыдайтынына кепілдік беріп отыр. Оның құрылысына жергілікті қазынадан 48 миллион теңге қаржы бөлінген. Өкінішке орай, облыс тұрғындары соңғы 6 жыл бойы қызыл судың зардабын тартып келеді. Әсіресе, осы Чкалов пен Садовое ауылдары әр көктем сайын суда қалады. Себебі, бұл елді мекендер «Самарқанд» су қоймасына жақын орналасқан. Қоймадағы суды ағызған сайын тасқын ауылды шайып кетеді. 

Мизамхан Бұлтбайұлы, ауыл тұрғыны:

- Көктем сайын ауылды су алатын. Биыл дамба салып беріп жатыр. Дамба биік, өте жақсы болды. Көптен көп рахмет. Биыл көктемде су алмайды деген ойымыз бар.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу