Мәскеуде еліміздің туристік мүмкіндігі таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде еліміздің туристік мүмкіндігі таныстырылды

30.10.2017

«Алыстағы шетелді аралағанша, іргеңде тұрған Қазақстанды келіп көр». Отандық мамандар осылай деп, ресейлік туристерді елге шақырып отыр. Мәскеу қаласында «Қазақстанның туристік мүмкіндігі» деген тақырыпта конференция өтті. Оған туризм саласында еңбек етіп жүрген 100-ден аса маман қатысты. Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі мен Елшілігі бірлесіп ұйымдастырған шараның мақсаты – көрші елге Қазақ жері мен оның бай табиғатын кеңірек таныстыру. Шара кезінде қазақстандық туроператорлар мен демалыс орындарының және әуе компанияларының өкілдері өз жобаларын таныстырып, нақты туристік бағыттарды ұсынды. Сарапшылардың айтуынша, «ЭКСПО-2017» көрмесінен соң Астанаға барғысы келетін ресейліктердің саны әжептәуір артқан. Алайда, Қазақстанның өңірлеріндегі туристік әлеует толық пайдаланылып отырған жоқ. 

Светлана Ануфриенко, Ресей өңірлері туристік қауымдастығының бас директоры:

- 146 миллион Ресей азаматтарының жыл сайын шамамен 3 миллионы Қазақстанға қыдырып барады. Осындай мөлшердегі турист керісінше, Қазақстаннан Ресейге де келеді. Алайда, бұл әлі де болса аз көрсеткіш деп ойлаймын. Себебі, Ресейдің көптеген өңірлері Қазақстанның туристік мүмкіндігін, демалуға болатын көрікті жерлерін, тарихи нысандарын білмейді. Яғни, ақпарат жетіспейді. Сондықтан, келешекте осы мәселеге ерекше мән беру керек.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу