Алматы облысында «Жас бүркіт» клубтарының арасында дәстүрлі республикалық жарыс басталды.
Сайыс «Ұлттық Ұлан» Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында өтіп жатыр.
Елдің әр қиырынан келген жасөспірімдер төрт күн бойы бақ сынайды. Жас жауынгерлер әскери спорт түрлерінен әзірліктерін көрсетеді.
Айтсақ, қаруды лезде құрастыру, кедергілерден жылдам өту және тағы басқа да жаттығулар. «Бала күнінен тәртіп пен тәрбиені бойына сіңірген жас ұрпақ келекшекте шекара шебін, ел тыныштығын күзететін сайыпқыран болады», - дейді әскерилер.
Арман Әубәкіров, ҚР «Ұлттық ұлан» ОӨҚ баспасөз қызметінің басшысы:
Ертеңгі ұрпағымыз - біздің жас жеткіншек балалар. Оларды ұлттық рухта, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу - маңызды жұмыстардың бірі. Осыған орай Ұлттық ұланда жастарды тәрбиелеуге үлкен мән беріледі.
Мирас МҰҚАШ