Маңғыстау облысында соңғы тоғыз айда  96 адам мемлекеттік қызметтен кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында соңғы тоғыз айда  96 адам мемлекеттік қызметтен кеткен

27.10.2017

Бәрі өз еркімен жұмыстан шыққан және олардың еңбек өтілдері 3 жылдан бес жылға дейінгі уақытты қамтиды. Яғни, тәжірибелі мамандар мемлекеттік қызметтен жаппай бас тартуда. Ақтау қаласы мен Қарақия және Мұнайлы аудандарында кадрлардың тұрақтамауы үрдіске айналған, - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мамандары. Мониторинг қорытындысы көрсеткендей,  жұмыстан кеткендер қызметтің бір сарындылығын, жүктеменің көптігін және ең бастысы  жалақының аздығын алға тартқан.     

Қайрат Бәйдібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының орынбасары:

 - Бір бос орынға 0,6 пайызды құрап тұр. Яғни, бір бос орынға бір адам келмей тұр. Жергілікті атқарушы органдарда 1347 орын болса, 172 орын бос тұр. Мұны толықтыру үшін жауапты мамандарға тапсырмасы берілді.

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу