Мәжілісте Сергей Дьяченконы еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте Сергей Дьяченконы еске алды

26.10.2017

«Отан мен халыққа арналған ғұмыр». Бүгін Парламент Мәжілісінде осындай атаумен белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Мәжілістің бірнеше шақырылымының депутаты, вице-спикері болған Сергей Дьяченкоға арналған кітаптың таныстырылымы өтті.

 Кітапқа марқұм туралы естеліктер, оған арналған өлең жолдары, адам, тұлға, саясаткер ретіндегі бет бейнесін айшықтайтын жазбалар кіргізілген. Шараға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, марқұмның жақындары мен туыстары қатысты.

Сергей Дьяченконың еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық тұрғыдан дамуына үлес қосқаны айтылып, игі істері туралы айтылды. Туған еліне қалтқысыз қызмет еткен Сергей Дьяченко осыдан бір жыл бұрын қайтыс болған еді. 

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу