Елімізде 106 үкіметтік емес ұйым мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысады. Алайда, олар негізінен қалалық немесе аудандық жерлерде ғана жұмыс істемей, ауылдық елді мекендерді де қамтуы керек.
Бүгін Парламент Мәжілісінде осы мәселе қаралды. Салада түйіні шешілмеген түйткілді мәселелер көп. Мәселен, инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру керек. Әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде кадрлық әлеуеті жетілдірілмеген. Мектептегі инклюзивті топтарда мүгедектігі бар балаларды асырауға кететін нормативтер болмай тұр. Тіпті, мемлекеттік органдардың арасында өзара байланыс жоқ. Осы санаттағы балаларға қатысты бірыңғай әдістеме жасалмағанын алға тартқан депутаттар тиісті заңннамаға өзгерістер енгізу керектігін мәлімдеді.
Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минитсрлігінің 2017 жылғы 1 қаңтарына сәйкес елімізде 81 мың 547 мүгедек бала тіркелген. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 43 мың 695 мүгедек бала.
Индира БЕГАЙДАР