Халыққа қызмет көрсету орталығындағы заң бұзушылыққа қатысты оператормен қоса бөлім басшысы да жұмыстан шығарылады. Болған жағдайды адами факторға балағанмен басқарма төрағасы іс құқық қорғау органдарына тапсырылғанын айтты. Шағымданушы өз атына анықтама алынғаны туралы арнайы сервистік қызметтің арқасында білген,-дейді. Ал сенімхатсыз құнды құжаттарды басқа біреуге берген операторды анықтау еш қиындық тудырмапты.
Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы:
- Біздің әр оператордың электронды-цифрлы қолтаңбасы бар. Демек, ол жұмыстан келген-кеткен кезде өзінің сол қолтаңбасын алады. Осыдан-ақ, бірден қай қызметкер кім туралы ақпарат алғанын біле аламыз.
Сондықтан, сол операторға жұмыстан шығару туралы ескерту жасалды. Сосын Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы да қызметінен кетеді.