Мүмкіндігі шектеулі балалар Астананы аралауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі балалар Астананы аралауда

25.10.2017

Бүгін Алматыдан мүмкіндігі шектеулі 20 бала Астанаға келді. Олар Астананы аралап, әсем де зәулім ғимараттарын тамашалайды. Мұндай сауапты сапарды «Құлыншақ» қайырымдылық қоры мен жомарт жандар ұйымдастарған. Балалар әуелі Бейбітшілік және келісім сарайына барып, оларға ғимараттың тарихы мен мағынасы толық баяндалды.

Бұдан бөлек, оқушылар Астанадағы ойын-сауық орталықтары мен басқа да көркем жерлерімен танысады. 

Амангелді Қайырбеков, «Құлыншақ» қайырымдылық қорының президенті:

- Жыл сайын еліміздің әр облысынан балаларды Астанаға шақырамыз. Осы жолғы сапар үш күнге жоспарланған. Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғаммен тығыз байланысқа түсу үшін, әр ортаға бейімделіп, жан-жақты дамуы үшін осындай танымдық шаралар керек деп есептейміз.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу