Басты Жаңалықтар Өскеменде жеке меншіктегі бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс

Өскеменде жеке меншіктегі бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осындай тапсырма берді. Мәселен, шаһардың он тоғызыншы шағын ауданындағы 31 жер телімі көп жылдан бері пайдаланылмай, қаңырап бос жатыр. Бұл жерлер осыдан 10-13 жыл бұрын жеке кәсіпкерлерге сатылған. Олар сол кезде тұрғын үй салатын болған. Тіпті бюджет есебінен инфрақұрылым да тартылған. Алайда, құрылыс жұмыстары отыз учаскенің тек 7-уінде ғана жүргізіліпті. Қазіргі таңда 3 жер телімі соттың шешімімен мемлекетке қайтарылды. 

Дәулет Сарманов, Өскемен қаласы жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

- Егер жер телімі иелері жерді игеру туралы құжаттарды, оның қаржыландырылуы мен жобалық-сметалық құжаттарды ұсынып, сол жерлерде құрылыс жүргізуге рұқсат алатын болса, бұл мәселе шешіледі.

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК 

Бөлісу