Басты Жаңалықтар Техногенді қалдықтарды пайдалануға қолдау жоқ

Техногенді қалдықтарды пайдалануға қолдау жоқ

Кен орындарынан шығатын техногенді қалдықтарды өңдеуге мемлекеттен ешқандай қолдау жоқ. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз жиынында «жасыл» экономика үшін «G-Global» альянсының ғалымдары мәлімдеді. Елімізде техногенді қалдықтардың мол қоры бар. Қайта өңдесе түрлі метал заттарын, құрылыс материалдарын және бойындағы оттегі газын да пайдалануға болады. Техника ғылымдарының докторы Баянды Диханбаев арнайы жобасын қорғап жүргеніне 30 жылдан асыпты. Қайта ағылшын компаниялары сынақтан өткізуге грант бөлген. Тіпті, «Салық төлейсің» деп мемлекет 200 мың долларын алып қойған. Егер ғалымның жобасы жүзеге асса, далада жатқан шаң-тозаңнан күректеп пайда табуға болады.

Баянды Диханбаев, техника ғылымдарының докторы:

- Күлі көп көмір жанып жатыр. Соның барлығы далаға шығып кетіп жатыр. Мысалы, Еуропада сол шыққан күлдің 99 пайын қайтадан өндіріске жіберіп жатыр. Ресейде -10, Қазақстанда мен білмеймін мүмкін 0,01 шығар. Біздің мақсатымыз осы қондырғыны пайдаланып ЖЭС жылуға бөлінетін жылуды бөлдіріп, соның ішінен шыққан күлінен силикатты материал алу.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Бөлісу