Оның инвестициялық құны 2 млн. еуро. «ЭКСПО» көрмесінде таныстырылған бұл жобаны кәсіпкерлер фин технологиясы негізінде өндіретін болады. Бұдан бөлек, құрылысты 3D форматында жобалаудың еуропалық тәсілін меңгеру үшін индустриялды колледждерде мамандар оқытылуда. Бұл туралы өңір әкімі Алтай Көлгінов журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сондай-ақ, облыста ауыл шаруашылығы саласында да қарқын бар. Мәселен, диқандар егіс көлемін 15 пайызға көбейткен. Облыс тұтынатын құс етінің басым бөлігі бұрын сырттан әкелінсе, қазір жылына 7 мың тонна өнім беретін құс фабрикасы ашылды. Ал мал еті көршілес елге экспортталып жатыр.
Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
- Елбасының былтырғы Иранға сапары біздің өңір экономикамыз үшін жақсы мүмкіндіктер ашты. Сондықтан, біз Иранға экспорттауды бастадық. Ирандық әріптестермен бұл компания 1500 тонна қой етін экспорттауға келісім шартқа қол қойды. Қазір әр апта сайын Оралдың аэропортынан ұшақпен ет экспорты орындалуда.
Нысаналы ЫҒЫЛ