Павлодарлық ардагерлер үшін банкке немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ салық төлеп, керекті анықтамаларды алуға болады. Яғни, мемлекеттік қызметті электронды форматта ұсынатын 400-ден астам қызмет түрін үйден шықпай пайдаланады. Бүгін аймақта «Кедергісіз қызмет» акциясы басталды. Соның аясында аға буын өкілдеріне ғаламторды пайдаланудың қыр-сырын үйрететін орталықтар ашылды. Ардагерлер ұйымдары арнайы компьютерлік техника, кеңсе тауарларымен жабдықталды. Бүгінгі күні облыста 15 мыңдай ардагер бар. Олардың мыңы облыс орталығында тұрады. Мемлекеттік қызметті электронды түрде пайдалануды аудандар мен ауылдарда тұратын қарт адамдарда да үйренеді.
Рымтай Шөкеев, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- ХҚКО-ға барып кезекке тұрмасын деп осындай қызмет көрсетеміз. Бір ардагеріміз кезекші болып отырады. Мұндай орындар біздің облыс бойынша 13 аудандық, 3 қалалық орталық болады.
Болат АМАНБАЕВ