Медиа салада қоғамдық ұйым құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медиа салада қоғамдық ұйым құрылды

25.10.2017

Қазақстанда журналистер мен блогерлердің және барлық медиасалаға қатысы бар адамдардың басын біріктіретін ұйым құрылды. «Қазақстандық МедиаАльянс» деп аталатын ұйымның бүгін алғашқы съезі өтті. Альянстың ұйымдастыру комитеті құрамында Арманжан Байтасов, Ерлан Бекхожин, Нұртөре Жүсіп секілді журналистер бар. Жаңа ұйым медиасаладағы дауларда бітімгершілік рөл атқарып, билік пен БАҚ арасындағы көпір болмақ. Сондай-ақ, ұйым құқықтық құжаттар мен заңнамаларды талқылауға атсалысады. Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, МедиаАльянстқа кіру жарнасы 10 мың теңге, жылдық жарна мың теңге көлемінде.

Арманжан Байтасов, «Қазақстандық МедиАльянс» қоғамдық ұйымы ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

-  МедиаАльянс ретінде біз ешқашан Журналистер одағына немесе өзге де ұйымдарға қарсы шықпаймыз. Керісінше, біз бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Себебі, біздің мақсат-мүддеміз бір. Ал, жарнаға келетін болсақ, мүше болу үшін 10 мың теңге. Бұл екі жылдық жарна. Ары қарай жылдық жарна сол 5 мың теңге көлемінде қалады.

Хабарламаларға жазылу