Тұңғыш Президент кітапханасында Қытайды зерттеу орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент кітапханасында Қытайды зерттеу орталығы ашылды

25.10.2017

Бұл екі мемлекеттің өзара түсіністік туралы меморандумы аясында жүзеге асырылды. Осылайша, аспан асты елінің мәдениетінен бөлек, басқа салаларын да терең зерделеуге мүмкіндік бар. «Дамып келе жатқан Қытай экономикасы: Қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты жиында тағы бірнеше бағытты нықтау қолға алынды. Атап айтсақ, Елбасының «бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесе ұйымдастыру, екі ел сарапшыларының жан-жақты талдауына қолдау білдірумен қатар, жастардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау жоспарланған. 

Чжан Жаоан, Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының вице-президенті:

- Біздің көздегеніміз Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту. Негізгі идея - экономикалық әрі мәдени тұрғыда бірлесе жұмыс істеп, тың жобаларды қуаттау. Осы шаралардың аясындағы кездесулер шағын және орта бизнес өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер үшін тиімді тұстары көп.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу