Е. Парафиеваның ісіне қатысты сот процесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е. Парафиеваның ісіне қатысты сот процесі басталды

24.10.2017

Алматыда жантүршігерлік жол апатына түсіп, екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиеваның ісі бойынша сот процесі басталды. Бүгін оқиғаға тікелей кінәлі деп табылған автобус жүргізушісі Жаңабаев Дəурен жауап берді. Оған Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлімі бойынша жол апатына əкелген жол ережесін бұзды деген айып тағылды. Дегенмен, Жаңабаевтың қорғаушысы бұл іс дұрыс тергелмегендігін айтып, судьядан оны кері жіберуін сұрады. Ал, Екатерина Парафиева сот барысында оқиғаның қалай болғанындығын жеткізді. 

Екатерина Парафиева, қала тұрғыны:

- Əл-Фараби көшесімен келе жатып, ашық люкті көрдім. Жылдамдықты азайтып айналып өтпек болдым. Сол кезде көлігім шайқалып кетті. Дөңгелек жарылғанын сездім. Сыртқа шығып жүксалғыштан белгі алмақшы болғанда маған қарай жүйткіп келе жатқан Toyota Camry көлігін байқадым, осы кезде соққы болды.

Естеріңізге салайық, бұл жол апаты 16 маусым күні әл-Фараби даңғылының бойында болған еді. Honda CRV көлігін тізгіндеген қыздар ашық люкке түсіп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Содан жол шетіне тоқтап, көліктерін қарап жатқан кезде ортаңғы жолақта келе жатқан Toyota Camry машинасын автобус соққан. Қатты соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы бөлігі ұшып келіп, Honda CRV көлігіне тиген.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу