Қостанайда халыққа құқықтық қызмет көрсететін бірегей орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда халыққа құқықтық қызмет көрсететін бірегей орталық ашылды

24.10.2017

Бұл бастама Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзінші қадамын орындау мақсатында жүзеге асып отыр. Басты меже - азаматтардың өтініштерін қарау, жұмысын жаңа, әрі сапалы деңгейге көтеру. Орталық ғимараты Қостанай қалалық прокуратурасының жанында орналасқан. Мұнда соңғы үлгідегі техникалық жабдықтармен қамтылған электрондық кезек жүйесі, өз-өзіне қызмет көрсету секторы, күту залы бар. Орталық «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни, азаматтар бұрынғыдай құқықтық көмек алу үшін түрлі заң орындарын аралап уақыт жоғалтпайды.

Мақсат Қазиев, Қостанай қаласының прокуроры:

- Мұнда азаматтар адвокаттың, уәкілетті прокурордың заң көмегін алуға, Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚАЖ және Әділет органдарының білікті қызметкерлеріне өздерінің өзекті мәселелерін айтуға және тиісті көмек алуға өтініштері мен оларға жүгінуіне мүмкіндік туып тұр.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу