Қапшағайда егіншілер мен малшылардың слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағайда егіншілер мен малшылардың слеті өтті

24.10.2017

Қапшағайда баламалы қуат көздерін өндірумен қатар, дәстүрлі егін және мал шаруашылығына да басымдық беріліп отыр. 

Биыл аймақтағы шаруалар 10 мың тонна астақты қамбаға құйды. Ала жаздай қыруар қолдарынан күрек түспеген егіншілер мен таяғын тастамаған бақташылар осы бір қуанышты сәтті мерекеге айналдырып, слет өткізді. Онда ұлттық спорттың түрлерінен жарыс болып, өнерпаздар әуелетіп ән шырқады. Ал, өңірдің дамуына үлес қосқан үлгілі еңбеккерлер бағалы сыйлықтармен марапатталып, құрметке бөленді. 

Ақтанберді Нарматұлы, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары:

- Шеңгелді аймағында он екі жарым мың гектар егістік жер бар. Соның сегіз жарым мың гектары суармалы жер. Биыл енді көкөніс, дәнді-дақылдарды түгел шауып, қоймаға 10 мың тонна қойып алдық. Сонымен қатар, Қапшағайда бұрын-соңды егілмеген еді. Былтыр 200 гектар қант қызылшасын еккенбіз. Биыл 57 га қант қызылшасын ектік. Орташа өнім 350 центнерден алып жатырмыз.      

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу