Басты Жаңалықтар Еліміздің бас прокуроры Түркияның жоғарғы сотының төрағасы және бас прокурорымен кездесті

Еліміздің бас прокуроры Түркияның жоғарғы сотының төрағасы және бас прокурорымен кездесті

Бүгін еліміздің бас прокуроры Түркия Республикасының жоғарғы сотының төрағасы және бас прокурорымен кездесті. Басқосуда тараптар құқықтық саладағы бірнеше тақырыпты талқылап, атқарылып жатқан жұмыстардың ауанын баяндады. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер де талқыланды. Кездесу соңында түрік тарапы Қазақстанға алғыс білдіріп, құқықтық салада өзара қарым-қатынастың одан әрі дамуына ниет білдірді.

Исмаил Рюштю Жжирит, Түркия жоғарғы сотының төрағасы:

- Біз Астанаға үлкен делегация болып келдік. Оның ішінде Сот, Прокуратура және Әділет министрлігінің өкілдері бар. Біз өте қуаныштымыз. Себебі, осындай елорданы көріп, тамсандық. Жалпы, біз бауырлас елміз. Сол себепті, қазір де , болашақта да сан сала бойынша ынтымақ, берік байланыс сақталады.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Бөлісу