Картоп бағасы заңсыз көтерілген болуы мүмкін
Қазақстанда картоп жинау аяқталуға жақын. 20 қазан күнгі көрсеткіш бойынша алқаптардың 99,8 пайызынан өнім алынған. Қаңтар-тамыз айлары аралығында 107 мың тоннадан астам картоп шетелге сатылды. Ал, қазан айының басынан бастап Өзбекстан тарапынан біздің өнімге сұраныс төмендеп кеткен. Оған көрші елдегі орақ науқынының басталуы себеп. Экспорт төмендеген жағдайда ел ішіндегі баға арзандауы керек. Ал, бізде олай болмады. Былтырғымен салыстырғанда дүкендерде картоп 22 пайызға дейін қымбаттаған. Жауапты органдар Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен арнайы тексеріс жүргізіп, бағаның заңсыз көтерілуі анықталса кінәлілерге жаза қолдануды ұсынды.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылорда облысында жүгері зауытының кешені іске қосылды
11.11.2026, 17:28
Түркістан облысында 2 су қоймасы салынуда
11.11.2026, 17:27
Тәуелсіздіктің 35 жылдығына 35 күн қалды
11.11.2026, 17:25
БҚО-да 6 мыңнын астам бала вирустың инфекция жұқтырған
11.11.2026, 17:23
Пара ат спортынан ел біріншілігі басталды
11.11.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
11.11.2026, 17:20
Жамбыл облысынан 18 тонна қоқыс шығарды
11.11.2026, 17:17
СОР31 саммиті: Қазақстан павильонына қызығушылар көп
11.11.2026, 17:13