Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз мал алып өтпек болғандар қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз мал алып өтпек болғандар қолға түсті

23.10.2017

Жамбыл облысына қарасты «Қарасу» шекаралық бөлімшесінің қызметкерлері шекара тәртібін бұзғандардың жолын кесті. «Қарасу» бекетінде негізінен жүк көліктері ғана жүреді. Бекеттегі облыстық ветеринарлық инспекция мамандары Тәжікстаннан Беларусь мемлекетіне кетіп бара жатқан көлікті тексерген. Нәтижесінде, жүк салғышына мал тиелген көлік жүргізушісінің құжаттары талапқа сай емес екені анықталды. Өйткені, жүк машинасы мал тасымалдау ережесіне сай жарақтандырылмаған. Бұл көліктің қырғыз-тәжік шекарасынан қалай өтіп кеткені де белгісіз. Көлік иесіне әкімшілік айыппұл салынды. Осы айдың өзінде Қарасу шекаралық бөлімшесінде осындай төрт дерек тіркелген. 

Мұрат Бигелдиев, облыстық ветериналық-санитарлық бақылау инспекциясының бас маманы:

- Ережені ескермей, тасымалдау тәртібін бұзған Қырғызстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 23 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал, жүк кері қайтарылды.


Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу