Діни экстремизм мен теріс ағымдардың алдын алуға әрбір азамат өз үлесін қосуы қажет. Осы бағытта Алматыда БАҚ өкілдері арасында үздік шығармаларға байқау жарияланған.
Бүгін жүзден жүйрік шыққан тілшілер марапатталды. Жалпы, 5 ай бұрын жарияланған байқауға жаһан жұртын алаңдатқан түйткілді мәселені өзек еткен 100-ден аса еңбек қабылданған. Қазылар алқасы соның ішіндегі 10 шығармашылық жұмысты қоғамдық маңызы бар дүние деп таныды. Біздің арнаның журналистері дайындаған материал «Үздік әлеуметтік бейнеролик» номинациясына ие болды.
Айдар Есенбеков, Қалалық дін істері жөніндегі басқармасының басшысы:
- Біздің мақсатымыз - діннің айналасындағы өзекті мәселелерді журналистер қауымы арқылы жариялау, яғни теріс діни ағым өкілдері туралы қандай да бір шынайы ақпараттарды беру. Осы арқылы біз ең бастысы - қоғамда, халық арасында теріс ағымдарға қатысты азаматтар арасында дұрыс пікір қалыптастыру.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ