Алаш идеясы ұлы даланың темір қазығына айналуы қажет
Бұл Алматыда бас қосқан зиялы қауымның пайымды пікірі. Олардың сөзінше, Алаш арыстарының еңбектерін біз әлі толық танып болған жоқпыз. Егер, сол еңбектерді індете зерттеп, оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіре білсек, әлемдегі озық елдердің санатына қосыламыз.
Себебі, Алаш идеясы қоғамдық дамудың, ғылымды дамытудың барлық тетіктерін қамтиды. Ал, елімізде білім беру саласы, қоғамдық ғылымдар жетілсе экономика да ілгерілей түспек. Өйткені, ұлт руханиятынан терең тамыр алған маман өз елінің көркейіп, гүлденуі жолында аянбай еңбек етеді. Сондықтан, ұлттық тәрбие мен білім беруде Алаш идеясын басты ұстанымға айналдыру керек, дейді ғалымдар.
Ханкелді Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Алаш тәуелсіз елде, тәуелсіз елдің мүддесіне қызмет етудің, тәуелсіз елді аяғынан тік тұрғызуды, тәуелсіз елді әлемдік бәсекеге кіріктірудің және сол бәсекеде биіктен көрінудің тамаша үлгісі, тамаша жолы, соның тамаша мүмкіндігі.
Осы үшін Алашқа деген халықтың құрметі ешқашан үзілген жоқ. Ол қанша жерден қара бояумен күйелесе де, қанша жерден оны архив пен кітапхананың қуысына қамап тығып ұстаса да халық өзінің санасынан, жүрегінен оны алып тастаған жоқ.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы