Астанада жас мамандардың ғылыми-өндірістік жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас мамандардың ғылыми-өндірістік жиыны өтті

17.10.2017

Астанада «Полиметалл»  компаниясының ғылыми-өндірістік конференциясы өтті. Дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылып отырған шараға  Қазақстаннан 16 жас маман қатыстырылды. Олар ғылыми жобалары мен инновациялық ізденістерін конференция барысында қорғайтын болады.  Іріктеуден өткен үміткерлер Ресейдің Санк-Петербург қаласында өтетін финалға жолдама алады.

Ұсынылған жобалардың көпшілігі тау-кен мен қайта өндіру саласына сондай-ақ, гидрометаллургия, гидрогеология тақырыптарына арналған. «Бақыршық тау-кен өндірісі» кәсіпорынының инженері Асқар Сембай қоршаған ортаға зиян келтірмеудің тың технологиясын ойлап тапты.

«Жаңа жобаның өндіріс пен  қоршаған орта үшін маңызы ерекше», - дейді.

Асқар Сембай, Бақыршық тау-кен өндірісі кәсіпорынының инженері:

 - Бұл экологиялық жағынан жұмысты жеңілдетеді. Мысалы, жұмысшылар шаңмен демалған, жұмыс қиын болған, қазір система енгізгенде жұмыс жеңілдеу болып қалды.  Шаң тұрмайды.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу