Мақсат – Балалар үйінің жеткіншектеріне тұрмыстық техника қалдықтарын қайта өңдеу жұмыстарын үйрету. Аталмыш жоба «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің бастамасымен қаламызда алғаш рет қолға алынды. Сарапшылардың пікірінше, жылына 5-6 миллион тонна техникалық қалдық қоқысқа тасталады. Енді балалар үйінің тәрбиеленушілері қолданыстан шыққан техниканы қайта өңдеп, «жасыл» экономиканың дамуына өз үлестерін қоса алады.
Мұхтар Манкеев, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық кеңесінің мүшесі:
- Электроника, жұмыс жасамай қалған техника болады, оның бәрін біздер барып қоқысқа тастаймыз. Бірақ, оның 70-80 пайызын біздер қайтадан жөндеп, қайтадан екінші өмір беруге дайынбыз.
Жасап болғаннан кейін сол балалар өздері сол техникаларды қолдана алады деп жоспарлап отырмыз.
Раушан САЙЛАУ