Басты Жаңалықтар «90-жылдарға оралу» фильмі көрермен назарына ұсынылады

«90-жылдарға оралу» фильмі көрермен назарына ұсынылады

Еліміздің барлық кинотеатрында отандық «90-жылдарға оралу» фильмі көрермен назарына ұсынылады. Кино «Tiger Films» продюсерлік компаниясының қолдауымен түсірілген. Туындының режиссері – Асар Абулхаиров. Киноның алғашқы көрсетілімі HALYK IMAX Kinopark-тың 16-кинотеатрында өтті. Фильмнің сюжетінде мектептің физика пәнінің мұғалімі Арман телепортация жасауға арналған құрылғы ойлап табады. Сөйтіп кіп-кішкентай құрылғы арқылы мыңдаған шақырымды артқа тастап,  сүйіктісіне тосынсый жасамақ. Арманы - Парижге барып сөз салу. Алайда бұл тасымалдау құрылғысы олардың өмірін күтпеген оқиғалармен байланыстырып жібереді. Фильмде басты рөлді талантты актриса Жұлдыз Өмірғали, ал Арман рөлінде  танымал актер Еркебұлан Тоқтар сомдайды. Туындыдағы кейіпкерлердің әрқайсысы өз болмысымен ерекше. Шытырман оқиғаға толы комедияда ғылым мен махаббат, ақыл мен жүрек, шындық пен қиял тоғысады.


Бөлісу