Алматы облысында «Әйел аманаты» кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті
Алматы облысында «Әйел аманаты» кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті. Жиынға 200-ден астам адам жиналды. Іс-шараны «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырды. Кездесуде партияның Әйелдер қанатының бастамалары мен қоғамдағы рөлі талқыланды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, гендерлік теңдік мәселелері және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу сынды мәселелер көтерілді. Айта кету керек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің үлесі шамамен 30 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді, әсіресе ауылдық жерлерде әйелдердің кәсіпкерлікке қызығушылығы артуда. Сондай-ақ Алматы облысында «Tomiris» жобасы аясында 20-дан астам бастауыш партия ұйым төрайымы партиялық оқыту және көшбасшылық бойынша онлайн оқытудан өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
