Америкалық техно-алпауыт Қазақстанда өңірлік хабын ашуы мүмкін
Америкалық техно-алпауыт Honeywell компаниясының өңірлік хабын Қазақстанда ашуы мүмкін. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ерболат Досаев Вашингтонда компанияның аға вице-президенті Стэйси Бернардспен кездесуде осындай ұсыныс жасады. Honeywell – әлем бойынша аэроғарыштық технологиялар, құрылыс, қауіпсіздік және өндірістік автоматтандыру саласындағы жетекші компания. Елімізде 1998 жылдан бері 500-ге жуық жобаны жүзеге асырған. Келешекте Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі елдерге қарайтын өңірлік кеңсесін ашпақ. Бұл шешім Қазақстанға жаңа технологиялардың келуі мен жасыл экономиканың дамуына ықпал етеді. Кездесуде жасанды интеллектіні тиімді қолдану арқылы еліміздің мұнай-газ саласындағы жұмыс өнімділігін арттыру жайы да сөз болды. Honeywell компаниясының өкілі де өзара байланысты арттыру мақсатында жүйелі жұмыс істеуге ықылас білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
