Елімізде бір жыл ішінде өз-өзіне қол салмақ болған 103 балғынға уақытылы көмек көрсетіліп, ажалдан аман қалды
Оның 70 пайызы «Көк кит» ойынының шырмауына түскендер. Мұнымен қоса, қатігездікке тап болған 42 бүлдіршін дер кезінде құтқарылса, зорлық-зомбылыққа ұшыраған 7 балаға психологиялық көмек көрсетілді. Мұның барлығы - 111 нөмірлі жедел қызмет ұйымының арқасы. Тәулік бойы жұмыс істейтін мекеме бұдан бөлек, балалар мен жасөспірімдерге ақпараттық, психологиялық, заңгерлік көмек бере алады. Ол үшін 30 оператор, әртүрлі саланың 12 маманы қызмет етуде. 8 айда орталыққа 1 млн. 400 мыңға жуық қоңырау түскен. Сондықтан, кез келген бала Қазақстан аумағында қандай да бір көмекке зәру болса, 111 нөміріне хабарласа алады. Бұл қызмет тегін әрі ақпарат құпия сақталады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04