Елімізде «Ер адамдар денсаулығы» бағдарламасы іске аспақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Ер адамдар денсаулығы» бағдарламасы іске аспақшы

02.10.2017

Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, елімізде ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы әйелдермен салыстырғанда әлдеқайда қысқа. Өмір сүру сапасы да жыл өткен сайын төмендеп келеді. Ал, жыныстық жолмен таралатын аурулар да азаяр емес. Қайтпек керек? Алматыдағы Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы осы мәселені шешу үшін арнайы «Ер адамдар денсаулығы» бағдарламасын дайындаған.

Ғалымдардың бұл бастамасы, аз уақыттың ішінде өз жемісін беріп, қазір республикалық деңгейде қабылданған жобаға айналды.

2018 жылдан бастап «Ер адамдар денсаулығы» бағдарламасына 100 млн теңге қаржы бөлінеді. Себебі, қазір елімізде перзентсіз отбасылар 16 пайызға жетті. Оның 40-50 пайызы ерлердің белсіздік ауруына байланысты.

Сондықтан, халқымыздың санын көбейту үшін ерлердің денсаулығын жақсартып, оларды өздеріне күтім жасауға үйрету қажет, - дейді дәрігерлер.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ   

Хабарламаларға жазылу