Ұлттық құрама футболшылары Теміртаудағы жетім балалар үйіне барып игі бастаманы қолға алды
Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары мен бас бапкер Александр Бородюк бастаған бас команданың бір топ өкілі Теміртаудағы жетім балалар үйіне барып игі бастаманы қолға алды. Футбол федерациясы мұрындық болған қайырымдылық іс-шараға Қарағандының «Шахтер» командасы да атсалысты. 2001 жылы Сара Назарбаева ашқан балалар үйінің өзіндік ерекшеліктері де бар. Мұндағы тәрбиеленушілер жанұя іспеттес бір шаңырақтың астында өмір сүреді. Қаладағы жақсы мектептерде білім алады, спорт үйірмелеріне қатысады. Кездесу соңында футболшылар жас өрендерге сый-сияпаттар таратты.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында 5-қазанда Румыния командасымен сырт алаңда ойнайды.
Елдос САПАРҒАЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16