2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджет енгізіледі
Яғни, көп ұзамай еліміздегі ауыл, кент, ауылдық округтердің әлеуеті артып, өз мәселелерін өздері шешетін жағдайға жетеді. Бұл туралы бүгін Өскеменде өткен ауыл әкімдерінің форумында айтылды. Елімізде тұңыш рет ұйымдастырылған жиынға жергілікті атқарушы органдардың 500-ден астам өкілі қатысты.
Соңғы бірнеше жылда елді мекеннің әл-ауқаты артты. 300 балаға арналған мектеп, балабақша, мәдениет үйі мен өзге де әлеуметтік маңызды нысандар жұмыс істеп тұр.
Дербес бюджет қалыптастыру үшін елді мекен тұрғындарының саны екі мыңнан кем болмауы керек. 2018 жылы 1 066 ауыл дербес бюджетке көшсе, 2020 жылдан бастап ел аумағындағы барлық әкімшілік аумақ осы жүйеге өтеді.
Зарина ҰЛЫҚБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13