Ақмола облысында апаттық жағдайда қонып отқа оранған тікұшақтың түнгі уақытта ұшуға рұқсаты болмаған
Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті төрайымының орынбасары міндетін атқарушы Тоты Әмірова айтты. Оқиға бүгін түнгі сағат 00:40-та Ақмола облысына қарасты Ақкөл елді мекенінен батысқа қарай алты шақырым жерде болды. Негізінен борт Малоалександровка ауылынан Ақкөлге бет алған. Алайда, қонуға ыңғайланған кезде тікұшақ жерге құлдилай түскен. Нәтижесінде тікұшақ отқа оранып, авиамеханик Балтуевтің денесін күйік шалыпты. Қазір ол аурухана жеткізілген.
Ал, штурвал тізгінін ұстаған Владимир Маньков және бақылаушы ұшқыш Байбосынов дін аман. Азаматтық авиация комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес негізгі ұшқыш Беларусь елінің азаматы. Қазір мамандар «Тянь-Шань» әуе компаниясына тиесілі өзге де техникаларды жедел тексеруге кірісіп кетті.
Елдос САПАРҒАЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04