Серік Ахметов бүгін таңертең бостандыққа шықты
Экс-премьер-министр жазасын Қарағанды облысындағы Қарабас елді мекеніндегі АК159/18 колониясында өтеген болатын.
Естеріңізде болса, осыған дейін Серік Ахметовтің мерзімінен бұрын бостандыққа шығатыны туралы ақпарат жарияланған болатын. Алғашында 10 жылға сотталған оның келтірген шығынды өтеуіне байланысты әрі Тәуелсіздік күні қарсаңындағы рақымшылыққа ілігуіне орай 3,5 жылдан аса мерзімі қысқартылды. Түрмеде отырған уақыты екі жылдан асқан. Мерзімінің 1/3 бөлігін өтеген соң, сотқа арыз түсіріп, жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бүгін таңертең Қарабастағы колонияның алдында БАҚ өкілдері жиналды. Серік Ахметов колониядан шығып, көлігіне отырып, жақындарымен бірге кетіп қалды. Болашаққа әлі жоспар құрмағанын айтты.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16