Қазақстандық өнімдер - Өзбекстанда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық өнімдер - Өзбекстанда

15.09.2017

Қазақстанда шығарылатын тауарлар Өзбекстан нарығына жол тартады. Ташкентте отандық өнімдеріміз қойылған көрме өтіп жатыр. Шара Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумының аясында ұйымдастырылды.

Төрт күнге созылатын көрмеде қазақстандық 70-ке жуық компания түрлі салада қолданылатын тауарларын таныстырады. Әскери көліктер мен киімдер, Шымкентте шығатын кілемдер, Арал тұзы, Қызылорданың күріші сияқты өнімдерге өзбек тарапы үлкен қызығушылық танытып отыр.

Сондай-ақ, медицина саласына қажетті техникалар мен дәрі-дәрмектерге сұраныс көп. Көрмеде электр қуатымен жүретін отандық көліктер де қойылды. Шараның алғашқы күнінен-ақ Өзбекстанның бірнеше компаниясы қазақстандық кәсіпкерлермен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қоюға ниетті екендерін білдірді. Мұндай көрменің өтуі қос елдің сауда айналымын одан әрі дамыта түседі. Ал, бизнес форум шеңберінде жалпы құны 800 миллион доллардың келісімі жасалады деген жоспар бар.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу