Қазақтың азық-түлік тауарларына сұраныс мол
Ресейдегі ең ірі дүкендер желісінің өкілдері Қазақстанда жасалған азық-түлік заттарымен танысты. Мәскеу қаласындағы «Фудсити» деп аталатын сауда орталығындағы «Қазақстан» павильонында отандық тауар өндірушілер мен көрші елдің ритейлерлері кездесті. Басқосу кезінде тараптар бірлесе жұмыс істеудің жолдарын талқылап, өзара келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, сатып алушы жақ ішіп-жемге керек заттарды көзімен көріп, қолымен ұстап танысты. Бұл іске ұйытқы болған «Халық маркасы» федерациясы мен Еуразиялық іскерлік одағы. Қазір Мәскеудегі «Қазақстан» павильонында біздің елде азық-түлік шығаратын 40-қа тарта кәсіпорынның тауарлары бар. Енді олар көп кешікпей Ресейдегі ірі дүкендер желісінде саудаға түсуі мүмкін.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04