Астана қаласына газ тарту үшін 260 млрд. теңге қажет - Қанат Бозымбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласына газ тарту үшін 260 млрд. теңге қажет - Қанат Бозымбаев

07.09.2017

«Астана қаласына газ тарту үшін 260 млрд. теңге қажет». Елордада өтіп жатқан «Қазэнерджи» форумында еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. «Жобаны іске асыру «Қазмұнайгаз» компаниясына жүктелген. Алайда, ұлттық компанияда мұншалықты қаржы жоқ», - дейді министр. Сондықтан, Қызылордадан Астанаға тартылатын газ магистраліне қаржыны шеттен іздеу керек не үкімет көмегіне жүгінуге тура келмек. Осымен 11-рет өтіп жатқан Еуразиялық «Қазэнерджи» форумының тақырыбы да «Болашақ энергияға бастар жол» деп бекер таңдалмаған. Қазақстан алдағы 10 жылда «жасыл» энергия көздерін тұтынуды еселеп көбейтпек. Баламалы энергияның бір түрі атом электр станциясын салуға қатысты Қанат Бозымбаев келіссөздердің әлі жүріп жатқанын айтты. Бұл сауалдың нақты жауабы келер жылы мәлім болмақ.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу