Басты Жаңалықтар Шахтинск шахтасында қаза тапқан марқұмдардың кім екені анықталды (ТОЛЫҒЫРАҚ)

Шахтинск шахтасында қаза тапқан марқұмдардың кім екені анықталды (ТОЛЫҒЫРАҚ)

Бүгін таңертең Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында 614 метр тереңдікте апат болып, 3 кенші қаза тапты.

Таңғы сағат төрттер шамасында кенеттен метан газы ауаға тараған. Тағы бірнеше кенші ауруханаға жеткізілді.

Қайтыс болған үш адамның мәйіті де бірден табылды. Марқұмдардың кім екені анықталды.

Сондай-ақ, метан газынан уланған 4 кенші Қарағандыдағы облыстық медициналық ауруханаға жеткізілген. Бүгін бірі денсаулығы жақсарған соң үйіне жіберілген.

Қазір оқиға орнында Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің кәсіби әскери апат-құтқару мамандары, төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы штаб құрылған.  Ал, құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаға байланысты шахтадағы еңбек қауіпсіздігінің сақталуы жөніндегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті.  «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты көмір департаменті басшылығы марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімін компания толықтай өз мойынына алатынын айтты.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Бөлісу