Оралда ірі жол апатынан 58 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда ірі жол апатынан 58 адам зардап шекті

24.08.2017

Бүгін Оралда екі автобус соқтығысып, 58 адам зардап шекті. Жол апаты таңғы сағат 9-дарда Жәңгір хан көшесінің бойында Шаған өзені арқылы өтетін көпір тұсында болды. Оқиға орнына 5 «жедел жәрдем» көлігі жетті. Куәгерлердің айтуынша, №7 автобус №5 қоғамдық көлікті жоғары жылдамдықпен келіп, артынан соққан. Оның алдыңғы терезесінің күл-паршасы шыққан, салон іші астаң-кестең. Автобус жүргізуші ауыр жарақат алып, қысылып қалған жерінен құтқарушылар алып шыққан. Оқиға жұрт жұмысқа баратын қарбалас шақта болғандықтан, куәгерлер екі автобуста да кісі көп болғанын айтады. Жарақат алғандардың ішінде жүкті әйелдер мен балалар да бар. Түрлі деңгейде жарақат алған жолаушылар үш ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатынан зардап шеккендердің төртеуі - бала. Қазір Ішкі істер органдары жол апатының себебін анықтап жатыр.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу