Қарағандыда Ұлттық ұланға қарасты 54/51 әскери бөлімінің сарбазы қаза тапты
Бүгін таңертең әскери бөлім қызметкерлері техниканың даярлығын пысықтаған. «УРАЛ» арнайы мамандандырылған көлігін басқаратын Тимур Перметов плац бойына тоқтап, тіркемені ағытпақ болыпты. Осы сәтте ылдида тұрған тіркеме тежегіші ұстамай, сарбазды қысып қалады. Басынан ауыр жарақат алған сарбазға тез арада медициналық көмек көрсетіліп, қаладағы №1 ауруханаға жеткізіледі. Алайда, дәрігерлер сарбаздың өмірін сақтап қала алмады. Қайғылы оқиғаға қатысты әскери бөлімде қызметтік тексеріс басталды. Қайтыс болған сарбаздың ата-анасы мен туыстарына хабар берілді. Әскерге Оңтүстік Қазақстан облысынан шақыртылған Тимур Перметов 3 айдан соң борышын өтеп болып, үйіне қайтуы тиіс болған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04