Алматыдан Қапшағай мен Ұзынағаш бағыты бойынша пойыздар жүре бастады
Бүгін Алматыдан Қапшағай мен Ұзынағаш бағыты бойынша пойыздар жүре бастады. Күнделікті қатынайтын темір жол желісі Алматы-1-ден Қапшағайға, ал, Алматы-2 вокзалынан Ұзынағаштың «Қазыбек-бек» бекетіне қатынайды. Таңертең жолға шығып, кешке Алматыға қайтып келетін бір пойыз Байсерке, Жетіген, Іле мен Қапшағайға тоқтайды. Екінші бағыт бойынша жүретіні Ұзынағашқа жеткенше Бұрындай, Ақсеңгір, Шамалғанға аялдайды. Құрам алты вагоннан тұрады. Жолаушылар үшін өте ыңғайлы. Жолдың ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайды. Билет құны - 80 теңге. 2018 жылдың басынан вагондарға «Оңай» жүйесі орнатылмақ.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22