«Байқаңыз, бейне бақылау жүргізіледі». Қазіргі таңда Астана көшелерін 6 мың камера күні-түні бақылап тұр. Әкімдіктегілер олардың санын жыл соңына дейін екі есеге арттырамыз деп отыр. Бұл қауіпсіз қала жобасының бір сатысы. Жоба авторларының ойынша, қондырғылар бірде-бір ереже бұзушылықты қалт жібермейді. Жарқын болашақта Астанада жеке көлікпен жүргеннен гөрі, қоғамдық көлікті пайдалану тиімді болмақ. Сонымен, біздің жүріс-тұрысымызды кім бақылап отыр. Бұл сұраққа Ғабит Бөкенбай жауап іздеп көрді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ