Облыс әкімі тапшылыққа байланысты газ құю бекеттерін аралап шықты
Ақтаудағы газ құю бекеттерінде бірқатар былықтың беті ашылды. Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов газ құю станцияларын арнайы аралап шықты. Қаладағы кей көгілдір отын сататын орындарда тіпті өнім көлемін есептейтін құрылғы жоқ. Кәсіпкерлер кіріс пен шығыс көлемін тек дәптерге тіркеп отырған. Сондықтан, аймақ басшысы бүкіл бекет иелерінен «газды алу және сатудың екі жылдық көрсеткішін салық қызметкерлері тексерсін», деп талап қойды.
Бұдан бөлек, зауыттан шыққан өнім кей компанияларға бір күнге де жетпей қалатын көрінеді. Содан ұзын-сонар кезек пайда болады. Осы мәселеге терең үңіліп, тиісті шара қабылдамағаны үшін қала әкіміне ескерту, ал, орынбасарына сөгіс жарияланды.
Нысаналы ЫҒЫЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдар Алтын Орда тарихындағы әйел көшбасшылардың рөлін талқылады
22.07.2026, 17:31
«4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 17:28
Ақтөбеде жаңа сквер ашылды
22.07.2026, 17:23
Ел жаңалықтарына шолу
22.07.2026, 17:20
Түркістан облысында вегетациялық кезеңде су жеткілікті деңгейде беріліп жатыр
22.07.2026, 17:16
Қостанай облысында жаңа сүт фермалары 17 мың тоннадан астам өнім өндірді
22.07.2026, 17:15
Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған үш жоба іске қосылды
22.07.2026, 17:13
Биыл 1,8 млн гектар алқап химиялық өңдеуден өтті
22.07.2026, 17:11